🔹 Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Жанәділ Муратуллин “18 мамыр – Халықаралық музей күніне” орай музей директоры Мұқамбетқали Қуанышқалиұлын және музей саласының қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, арнайы адресат табыстады.

Мерекелік кездесуде музей саласының қоғамдағы орны мен ұлттық мұраны сақтаудағы маңызы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар музей қызметкерлерінің тарих пен мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа насихаттаудағы қажырлы еңбектеріне ризашылық білдірілді.

Осынау кәсіби мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ұлт мұрасын сақтау жолындағы абыройлы еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз арта берсін!