🌿 22 мамыр – Халықаралық биоалуантүрлілік күні

Биоалуантүрлілік – жер бетіндегі тіршіліктің байлығы мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын басты құндылықтардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардың, құстар мен балықтардың әрбір түрі экожүйенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы айтулы күн табиғатты қорғаудың маңызын арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Табиғи байлықты сақтау – келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

Табиғатты аялау – болашақты қорғау! 🌱🌍