Кездесу өткізілді

🔹2026 жылдың 28 мамыр күні Еңбекші ауылдық округі әкімшілігінде жеке қожалық мүшелері, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор С. Тоғаев және ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, табиғатты қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттар беріліп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы айтылды.