2026 жылғы 2 маусым күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мекемесінде №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектеп жанындағы «Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар резерваттың тыныс-тіршілігімен танысып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар, балаларға резерват аумағында мекендейтін жануарлар мен құстар дүниесі туралы ақпарат беріліп, табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
