🏅 МАРАПАТТАЛДЫ

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Манарбек Өтегенұлы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай атап өтілетін «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптесімізді зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Табиғатты қорғау жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ ұжымы.