Ағымдағы жылдың 17 маусымында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Каспий маңы серіктестігі: балық шаруашылығы мен аквамәдениеттің тұрақты дамуы» атты халықаралық балық шаруашылығы форумы өтті. Форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова және Ғылым және мониторинг бөлімінің ихтиолог маманы С.Ж. Сабирова қатысты.
Форумның мақсаты: Каспий маңы өңірінде балық шаруашылығы мен аквамәдениетті тұрақты дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық диалог алаңын құру, ғылыми зерттеулерді жетілдіру, инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ Каспий теңізінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау және су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану.




