Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция

2026 жылғы 18–19 маусым күндері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойына орай «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы және тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған маңызды іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Маева Мирамгүл және Ғылым және мониторинг бөлімінің териолог маманы Ажигалиева Жанерке қатысты.

Іс-шара шеңберінде табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, 19 маусым күні Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан «Сиверс алмасы» экологиялық соқпағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, табиғатты қорғау жолындағы қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер және толағай табыстар тілейміз!