Атырау облысында төтенше жағдай класы жоғары болуына байланысты дала өрттерінен сақтанайық!
Атырау облысында ауа райының құрғақ әрі ыстық болуына байланысты резерват қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Аумақтарды тұрақты түрде патрульдеп, минералды жолақтарды күтіп ұстау, өртке қарсы техникалардың дайындығын тексеру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ескертпе парақшалар таратылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – табиғатты қорғаудың және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі.








