«Әуесқой балықшы – 2026» турнирі өтті!

27 маусым күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Правый Яицкий (Рыбоходный) каналы бойында «Әуесқой балықшы – 2026» турнирі өтті.

Турнир «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, «VISIT ATYRAU» туристік ақпарат орталығының, сондай-ақ «Қызыл-балық» ЖШС, «Абылай-хан» ЖШС және «Тілекші» ЖШС демеушілігімен ұйымдастырылды.

2025 жылдан бастау алған бұл турнир бүгінде дәстүрлі шараға айналып, ішкі туризмді дамытуға, балық аулау мәдениетін қалыптастыруға және табиғатты ұқыпты пайдалануды насихаттауға өз үлесін қосып келеді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орындар және арнайы номинациялармен марапатталды. Жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ турнирге қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара мерекелік концертке ұласып, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осындай игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдегі экологиялық туризмді дамыту жолында өз үлесін қоса береді деп сенеміз.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерімізге  шынайы алғысымызды білдіреміз.