«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еркінқала ауылдық округіне қарасты Жайық өзенінің жағалауын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Экологиялық шараға 150-ге жуық адам қатысып, табиғатты қорғау жолында бірлесіп еңбек етті. Игі іске су саласына қатысты мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері белсенді атсалысты.

Акция нәтижесінде Жайық өзенінің жағалауынан 10 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

🌱 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Осындай экологиялық бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.