“Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты” РММ директоры Ж.Т. Муратуллин ағымдағы жылдың 16 шілде күні Атырау қаласы әкімдігінің қабылдауында болды.
Қабылдау барысында резерват аумағында экологиялық туризмді дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, келушілерге қолайлы жағдай жасау және табиғи аумақтың туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен іске асыру және өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде тиісті ұсыныстар қарастырылды.