Атырау облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сәрсембаев ерекше қорғалатын табиғи аумақта болды

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының туристік маршруттарын аралап, аумақтың бірегей табиғи ерекшеліктерімен және экологиялық туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жұмыс сапары барысында туристік бағыттардың қазіргі жай-күйі, келушілерге қолайлы инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық туризмді дамыту, табиғи аумақтың туристік әлеуетін арттыру және қорғалатын табиғи аумақты сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу кезінде алдағы уақытта экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдау, туристер үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасылды.

🌱 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты табиғи мұраны сақтай отырып, экологиялық туризмді дамыту арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.