Кезекті мониторингтік жұмыстар жүргізілді

2026 жылғы 29 шілде күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері, ихтиолог С.Ж. Сабирова және зертханашы-гидрохимик А.Б. Курбенова резерват аумағында кезекті мониторингтік жұмыстар жүргізді.

Мониторинг барысында су айдындарының гидрохимиялық көрсеткіштері анықталып, судың сапасына бақылау жүргізілді. Сонымен қатар балық ресурстарының жай-күйі бақыланып, резерват аумағының табиғи жағдайына мониторингтік бақылау жасалды.

Аталған жұмыстар табиғи экожүйенің жай-күйін бағалау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғи ресурстардың өзгеру динамикасын бақылау мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.