Өрт қауіпті кезеңде табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірлесіп резерват аумағында шолу және тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынып, ықтимал қауіптердің алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар резерват мамандары өрттің таралуына жол бермеу мақсатында минералды жолақтардың жай-күйін тексеріп, олардың талапқа сай болуын бақылаудан өткізді.

Мұндай бірлескен жұмыстар табиғи экожүйені қорғауға және өрттің алдын алуға бағытталған.