Жайық сағасы мен Каспий жағалауының биоалуантүрлілігін сараптау барысында Каспийге ғана тән эндемик ұлу – Pyrgohydrobia conica анықталды.
Бұл кішкентай бауыраяқты моллюск қамысты, лайлы-құмды таяз суларда тіршілік етеді және су экожүйесінің экологиялық жағдайын көрсететін маңызды индикатор болып саналады.
Өлшемі шағын болғанымен, ол органикалық қалдықтар мен балдырларды тұтынып, судың табиғи тазаруына үлес қосады әрі балықтар мен су құстары үшін маңызды қорек көзі болып табылады.
💧 Табиғаттың әрбір кішкентай тіршілік иесі – экожүйенің ажырамас бөлігі.