Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Светланд-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, кәсіпорын қызметкерлерімен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында резерват аумағында көрсетілетін қызмет түрлері, оларды алу тәртібі және табиғи аумақты қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
