Қазақстан халқының тілдері күніне орай

“5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне”орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері С.Ж. Сабирова мемлекеттік тілдің дамуы мен насихатталуына өз үлесін қосып келеді.

Қазақ тілінің Ұлттық корпусын кеңейту мақсатында ихтиология және балық шаруашылығына қатысты 2000-нан астам терминді қазақ және орыс тілдерінде жинақтап, Ұлттық терминология комиссиясының қарауына ұсыну үшін Атырау облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жолдады.
Жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін С.Ж. Сабирова Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің “Құрмет” грамотасымен марапатталды.

Тіл – ұлттың рухани тірегі. Ана тілімізді ардақтап, бірге дамытайық!