«5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин Атырау облысы әкімдігінде Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламановпен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін дамыту және насихаттау бағытындағы жұмыстар талқыланып, өзара пікір алмасты.
📜 Мерекеге орай мемлекеттік тілдің дамуы мен насихатталуына қосқан елеулі үлесі үшін Әбіл Тауфиқұлы Жоламановқа «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ атынан Алғыс хат табысталды.
🤝 Кездесу соңында Әбіл Тауфиқұлына және басқарма ұжымына зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілектері білдірілді.
🇰🇿 Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің маңызды негізі!

