«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының акт залында мекеме директоры Ж.Т. Муратуллин және заңгер Ж.Т. Джакумбаевтың қатысуымен мемлекеттік инспекторларға арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, Азаматтық қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ заңдылықты сақтау және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды.

🔹 Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және қызмет барысында әдеп нормаларын ұстануды қамтамасыз ету.