ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының” қызметкерлерімен кездесу өтті

ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының” қызметкерлерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин және мекеме мамандары ЖШС “Атырау мұнай өңдеу зауытының”қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы экологиялық туризмді және әуесқой-спорттық балық аулауды насихаттау, сондай-ақ табиғатты қорғау бағытындағы ақпараттарды көпшілікке жеткізу.

Іс-шара барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметі, табиғи ерекшеліктері мен биоалуантүрлілігі, экотуристік бағыттары және табиғи аумақтағы демалыс мүмкіндіктері туралы презентациялар таныстырылды.

Сонымен қатар, резерватының аумағында әуесқой-спорттық балық аулау тәртібі, рұқсат алу талаптары, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты қорғау ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, экологиялық туризмді дамыту, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша пікір алмасты.