2026 жылғы 16 қыркүйек күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы А.С. Бермагамбетов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында резерват қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, оған Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Г. Дәулетов қатысты.
Кездесу барысында резерват аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, табиғи аумақтарды қорғау, жануарлар дүниесін сақтау және қорғау шараларын күшейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, киіктердің маусымдық көші-қон кезеңіне, олардың жай-күйіне және мекендеу аумақтарына бақылау ұйымдастыру, сондай-ақ киіктерді қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.


