«Таза Қазақстан» – таза табиғат!

Бүгін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық сенбілік өткізді.

🧹 Сенбілік Рыбоходный каналы бойында ұйымдастырылып, оған 50 қызметкер қатысты. Ұжым бірлесіп, аумақты қоқыстан тазалап, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.

🌱 Таза табиғат – таза болашақтың кепілі.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 💚

ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay