13 қазан күні Кеңөзек ауылдық округінің әкімдігінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен және жеке қожалық өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин мен Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Е.Б. Ғабитов қатысты.
Жиын барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрттің туындау себептері мен оның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғи аумақтарды өрттен қорғау жөнінде қажетті ақпарат берілді.
🌿 Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бөлігі. Әрқайсымыз қауіпсіздік талаптарын сақтап, табиғатқа жанашырлықпен қарауымыз қажет!


