КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 20 қазанда Атырау қаласында Каспий теңізінің экологиялық және климаттық сын-қатерлеріне арналған Climate Talks панельдік пікірталасы өтті.

Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин қатысты.

Пікірталас барысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, климаттың өзгеруі, су деңгейінің төмендеуі және теңіз экожүйесін сақтау мәселелері талқыланды.

🌿 Мұндай кездесулер қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға, тәжірибе алмасуға және Каспий теңізінің табиғи байлығын сақтауға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды дамытуға мүмкіндік береді.