«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы бастау алды


2024 жылдың мамыр айының 04-ші күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Таза жағалау» атты сенбілік өткізілді. Шара ерекше қорғалатын табиғи аумақ Жайық өзені жағасы Приморский каналы бойында ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымы және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің студенттері де белсене қатысып, өз үлесін қосты.
Акцияның басты мақсаты – су айдындарының жағалауына тасталған қоқыстардан тазалап, қоғамның назарын өзен мен көлдердің ластану мәселесіне көңіл аударып, қоршаған ортаны ластанудан сақтау.
Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Барша қазақстандықтарды туған жерімізді таза ұстауға шақырамыз.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *