Сыбырлак акку- Cygnus olor

Биотоп. Жазық сулы-батпақты жерлер.
Тітіркену кезінде шығаратын дыбысына байланысты сыбырлақ болып аталған. Ұзындығы 180 см, аналығының салмағы 5,5-6 кг, аталығы болса 8-13 кг дейін жетеді. Қанаттарының ұзындығы 240 см. Көбіне су өсімдіктері өскен су қоймаларында, сағаларда, көлдерде, кейде батпақтарда мекендейді. Негізгі қорегі – су өсімдіктері және ондағы ұсақ жануарлар (моллюскалар, су есектері). Құрлықта аққу шөппен және дәнді дақылдармен қоректенеді.
Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлерінің 2024 жылғы көктемгі есепке алу кезеңінде алынған құстарды есепке алу деректері бойынша резерват аумағында сыбырлақ аққудың саны 4563 түрді құрайды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *