Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының, ғылым және мониторинг бөлімінде 8 штаттық қызмет қаралған. Атап айтқанда бөлім басшысы-1, ғылыми қызметкер-6, гидрохимик-лаборант-1.

Бөлімнің қызметкерлерімен «Табиғат шежіресінің» жылдық кітабы жасақталды.

            Резерват территориясында аралық қорғау аймақта есеп санақ мониторингтік бақылаулар құрлықта және суда жүргізіледі. Барлық мониторингтік зерттеулердің нәтежиелері биоалуантүрліліктің автоматтандырылған электрондық базасына енгізілді.

            Ғылым және мониторинг бөлімі ғылыми-техникалық кеңесте бекітілген жұмыс жоспары бойынша ай сайын резерват аумағында үш жердегі және  екі судағы маршруттар бойынша құстардың, аңдардың, өсімдіктердің биоалуантүрлеріне мониторингтік зерттеу жұмыстары, ихтиология және гидробиология бойынша мәліметтер  жинақталып, судың гидрохимиялық құрамын анықтау арқылы талдау жүргізеді.

            Жүйелі түрде ауа райына, сонымен қатар «Ақжайық» резерват аумағындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне фенологиялық бақылаулар жүргізеді.

            Табиғи кешенді қорғау өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен мұз қату маусымы кезінде ихтиолог және гидрохимик мамандарымен бірлесіп балықтың тұншығуы және өлуінің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізеді.

Ғылыми қызметкер териолог маманы – жұмыс бағытына сәйкес зерттеу жұмыстарынының териологиялық көрсеткіштері бойынша  «Табиғат жылнамасы» бағдарламасын жүргізеді. МТР аумағында ұсынылған  әдіснама бойынша, маршруттар мен алаңдарда териологиялық бақылау  жүргізеді. Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтерді толтырады. Мониторингілік зерттеулер мен бақылауларды жүзеге асырады,және оларды жоспарлы тақырыптар бойынша  жүйеге келтіріп өңдейді.

Белгіленген уақытта жасалған жұмыстар жөніндегі бағдарламалар, жобалар мен есептер және басқада есептер материалдар тапсырады. Сүтқоректілердің, амфибиялардың, рептилиялардың негізгі және мониторингілік түрлерінің жағдайын бақылайды. Териофауна жағдайына бақылау жүргізеді (көбею орындары, қону, азық миграциясы,популяция саны).  МТР аумағындағы жануарлар әлемінің санын жүйелендіру бойынша ұсыныстар береді.

Резерват аумағындағы орналасқан жануарлар дүниесіне мониторингілік зерттеулер нәтижесіне сәйкес териологтық көрсеткіштері бойынша ұзақ мерзімді талдау жасалады. Жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыруға жауапты.

Ғылыми қызметкер орнитолог маманы – жұмыс бағытына сәйкес жұмыстарының орнитологиялық көрсеткіштері бойынша «Табиғат жылнамасы» бағдарламасын жүргізеді. МТР аумағында белгіленген әдіснама бойынша мониторингілік зерттеулер жүргізеді мен бақылауларды жүзеге асырады   және оларды жоспарлы тақырыптар бойынша жүйеге келтіріп өңдейді.Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтерді толтырырады.

Белгіленген әдіснама бойынша құстарға орнитолиялық көрсеткіштері бойынша (келу, кету, түлеу, ұялау) санағын жүргізеді. Орнитофауна үшін қауіпті факторларды анықтап және оларды жою бойынша ұсыныстар береді.

Резерват аумағындағы орнитофаунаға орнитологиялық көрсеткіштер бойынша ұзақ мерзімді талдау жасайды. Жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыруға жауапты.

Ғылыми қызметкер ихтиолог маманы-Жұмыс бағытына сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Табиғат жылнамасы» бағдарламасын ихтиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізеді, бағдарлама аясында мониторинг жүргізу. МТР аумағында белгіленген әдіснама бойынша мониторингілік зерттеулер жүргізу. Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтерді толтырады; Балықтардың қырылуының алдын алу шараларын жасақтап, бөлім бастығына ұсынады

Балықтарға бақылау жүргізу үшін жыл сайынғы қажетті ауланған балық көлеміне сұраныс жобасын дайындайды;

Резерват аумағында спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыруға қатысады және спорттық-әуесқойлық балық аулау кезінде ұсталған балықтың сапалы және санды құрамына мониторинг жүргізеді;Әдіснама бойынша балықтың уылдырық шашу нәтижелігін анықтайды;Жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыру қажет.          
            Ғылыми қызметкер гидробиолог маманы- Ғылыми тақырып бағыты бойынша әдіснаманы игереді.  МТР аумағында белгіленген әдіснама бойынша мониторингілік зерттеулер мен бақылауларды жүргізеді және оларды жоспарлы тақырыптар бойынша жүйеге келтіреді.

Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтерді толтырады. Резерват аумағында су айдындарына гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша ұзақ мерзімді талдау жасайды.

Белгіленген уақытта бөлім бастығына жасалған жұмыстар жөнінде бағдарламалар, жобалар, жоспарлар мен есептер және басқа да есетік материалдарды ұсынады. Көпшілікпен мақұлданған әдіснама бойынша аумақтық гидробиологиялық жағдайын бақылаайды.  Гидробиология бойынша ғылыми мақалалар мен презентация дайындайды.

Жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыруға жауапты.

Ғылыми қызметкер ботаник маманы- Ғылыми тақырып бағыты бойынша әдіснаманы игереді. Флора тарауы бойынша «Табиғат жылнамасы» бағдарламасын жүргізу, оның аясында мониторинг жургізеді.

МТР аумағында белгіленген әдіснама бойынша мониторингілік зерттеулер жүргізеді. Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтерді толтырады.

Жетекшілік етіп отырған бағыты бойынша бөлім мамандарымен бірігіп резерват аймағында бақылау жұмыстарын өткізеді. Жинақталған деректерді өңдеп, есеп жасақтайды. Резерват аумағында орналаскан флора жағдайына ұзақ мерзімді талдау жасайды. МТР аумағында өсетін өсімдіктерден гербарий жинаумен айналысады., жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыруға жауапты.

Ғылыми қызметкер фенолог маманы- МТР аумағында белгіленген әдіснама бойынша мониторингілік зерттеулер жүргізеді. Биологиялық әртүрлілікке мониторинг жүргізу ақпараттың жүйесі бойынша мәліметтердітолтырады.           
Мемлекеттік инспекторлар жүргізетін фенологиялық күнделіктермен жұмыс атқарады. Мемлекеттік инспекторларына фенологиялық бақылауды, күнделіктерді дұрыс жасақтау бойынша оқыту сабақтарын жүргізеді.      
            Биологиялық алуан түрлілігін және фенологиялық өзгерістерді инспекторлардын және ғылым бөлімінің мамандарының мағлұматы бойынша бақылау карточкаларын құрастырады. Күн райының жағдайын бақылау жіне ауа райын өзгерістерін тіркейді. Жетекшілік етіп отырған бағыты бойынша бөлім мамандарымен бірігіп резерват аймағында бақылау жұмыстарын өткізеді. Жинақталған деректерді өңдеп, есеп жасақтайды. МТР аумағында ауа райының, жартыжылдық және жылдық есептерді уақытылы беріп отыруға жауапты.

Лаборант гидрохимик- Зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде лабораториялық талдауларды, сынақтарды, өлшеу және басқа да жұмыс түрлерін атқарады. Жұмыстың бекітілген бағдарламасына сәйкес зерттеу жұмысында материалдарды жинауға, өңдеуге ат салысады. Лабораториялық қондырғының дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сынақтар жүргізу үшін қондырғыларды (приборларды, аппаратуларды) дайындайды, оны тексереді, нұсқауға және басқа да техникалық құжаттарға сәйкес жөнге келтіреді. Сынақтарды орындауға қатысады, қажет дайындық және қосымша операцияларды жүргізеді, бақылау жұмыстарын жүргізеді, приборлардың көрсеткіштерін жазып алады, жұмысжурналдарын жүргізеді. Талдау, сынақ, өлшем нәтижелерін әдістемелік материалдарға сәйкес өңдеп, жүйелендіреді, рәсімдейді, оларды тіркеуге алады.