- 🔹Гидробиологиялық сынамаларды камералдық өңдеу.Гидробиологиялық сынамаларды алу су экожүйелерінің жай-күйін бағалауға, биоалуантүрлілікті анықтауға және қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді.
- 🌿 Ақтау қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңіраралық экологиялық форум өтті.Батыс өңірінің өкілдерін бір алаңға жинаған жиында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл технологияларды енгізу және эко-волонтерлікті дамыту мәселелері талқыланды.Форум үш секция бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өңірлерге ортақ экологиялық түйткілдер бойынша пікір алмасты.Аталған форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының маманы С.Ж. Сабирова қатысты.Қорытындысында өңіраралық экологиялық бағдарлама қабылдау жоспарлануда.
- 🏅 МАРАПАТТАЛДЫ«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Манарбек Өтегенұлы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай атап өтілетін «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Табиғатты қорғау жолындағы еңбегіңіз әрдайым …
- 🔹 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні2026 жылғы 4 маусымда Абай атындағы Атырау қалалық оқушылар орталығында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен “5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне арналған мерекелік іс-шара және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, сондай-ақ «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин құттықтау сөзімен ашып, …
Read more «🔹 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні»
- 🔹2026 жылғы 3 маусымда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында “5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне орай «Экологиялық бастамалар және экотуризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Іс-шараға мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдардың және туризм саласының өкілдері қатысып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тұрақты экотуризмді дамыту бағытындағы өзекті ұсыныстар қарастырылды.
- 🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ел мақтанышы4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрметті дәріптейтін маңызды мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіз еліміздің басты нышандары. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы. Құрметті әріптестер! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер …
Read more «🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ел мақтанышы»
- 🔹Табиғатты танып, қорғауға бірге үйренейік! 🌿2026 жылғы 2 маусым күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мекемесінде №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектеп жанындағы «Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар резерваттың тыныс-тіршілігімен танысып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және …
- 🔹ТАҒАЙЫНДАУҚазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының №27-04/60-жқ бұйрығына сәйкес, Махметова Назерке Талғатқызы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына 2026 жылғы 1 маусымнан бастап тағайындалды. Осыған орай, ұжым алдында Резерват директоры Ж.Т. Муратуллин тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтады. …
- «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында «Өрт–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.Оқу-жаттығудың мақсаты – дала және табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтап, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру. Жоспарға сәйкес, құрғақ ауа райы мен қатты желдің салдарынан резерват аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрттің елді мекенге таралу қаупі туындаған жағдай шартты түрде пысықталды. Шартты өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері, резерват қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру жасағы …
- Кездесу өткізілді🔹2026 жылдың 28 мамыр күні Еңбекші ауылдық округі әкімшілігінде жеке қожалық мүшелері, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор С. Тоғаев және ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, табиғатты қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттар беріліп, қоршаған ортаны қорғаудың …
- 🌿 22 мамыр – Халықаралық биоалуантүрлілік күніБиоалуантүрлілік – жер бетіндегі тіршіліктің байлығы мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын басты құндылықтардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардың, құстар мен балықтардың әрбір түрі экожүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы айтулы күн табиғатты қорғаудың маңызын арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Табиғи байлықты сақтау – келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты аялау – болашақты қорғау! 🌱🌍
- «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы
- 🔹 Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Жанәділ Муратуллин “18 мамыр – Халықаралық музей күніне” орай музей директоры Мұқамбетқали Қуанышқалиұлын және музей саласының қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, арнайы адресат табыстады.Мерекелік кездесуде музей саласының қоғамдағы орны мен ұлттық мұраны сақтаудағы маңызы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар музей қызметкерлерінің тарих пен мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа насихаттаудағы қажырлы еңбектеріне ризашылық білдірілді. Осынау кәсіби мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ұлт мұрасын сақтау жолындағы абыройлы еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз …
- 🔹 «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында жиналыс өтті.Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні сағат 16:00-де Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы бойынша координациялық топтың жиналысы өтті. Жиналысты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Н. Гайсин жүргізді. Жиын барысында акция аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жинақталған материалдар таныстырылып, табиғат қорғау мекемелері мен құқық қорғау органдары басшыларының есептері …
Read more «🔹 «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында жиналыс өтті.»
- 🌷 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында “Қызғалдақтар күніне” арналған іс-шара өтті2026 жылдың 15 мамыр күні “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығында “Қызғалдақтар күніне” арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды. 🌿 Іс-шара барысында оқушылар арасында “Жауқазындай құлпырған — қызғалдақтар!” тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар табиғаттың әсемдігін, қызғалдақ гүлдерінің көркін өз шығармашылықтары арқылы бейнелеп, белсенділік танытты. …
- 🔹 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы әріптесіміз Есенғалиев Шыңғысханды зейнеткерлікке шығуына байланысты құрметпен ұлықтады.Іс-шара барысында ұжым атынан жылы лебіздер мен ақжарма тілектер айтылып, аз уақыт ішінде ұжым арасында беделге ие болып, жастарға өнеге бола білгені ерекше аталып өтті. Сонымен қатар әріптестері естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.
- ХАБАРЛАНДЫРУ!!!Қадірменді қала тұрғындары және қала қонақтары!2026 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы» №78 бұйрығына сәйкес «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумағының (буферлік аймақ) аумағында әуесқойлық-спорттық балық аулау маусымының уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.
- «Ғылыми негізделген көгалдандыру – табиғи шешімдердің негізі»2026 жылдың 12 мамырында Атырау қаласында GREEN SCIENCE KZ жобасы аясында «Ғылыми негізделген көгалдандыру – табиғи шешімдердің негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар Ботаника және фитоинтродукция институты мен «Chevron» компаниясының серіктестігі арқылы ұйымдастырылды. Семинарға “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері қатысып, қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдері мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибелермен танысты. Қатысушылар:▪️ Резерват …
Read more ««Ғылыми негізделген көгалдандыру – табиғи шешімдердің негізі»»
- 🤝 Ғылыми ынтымақтастық – табиғатты қорғаудың маңызды қадамы!«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 🔬 Енді ихтиология, гидробиология және гидрохимия бағыттарында бірлескен зерттеулер жүргізіліп,🐟 су айдындарындағы балық қорлары зерттеледі,🌿 экожүйелердің жай-күйі талданады,💧 су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. 🌍 Бұл жұмыстар табиғи байлығымызды сақтауға және биоалуантүрлілікті қорғауға өз үлесін қосады. Ақжайық …
Read more «🤝 Ғылыми ынтымақтастық – табиғатты қорғаудың маңызды қадамы!»
- 🔹Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтуде.Акция аясында резерват аумағында мекеме инспекторлары рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағына сәйкес 3 иесіз құқықбұзушылық дерегі анықталып, заңсыз ауланған күйдегі қара балық тұқымдасына жататын сазан, көксерке, жайын балықтары және ау құралдары тәркіленді.Сонымен қатар, екі дана бекіре тұқымдас балық тірі күйінде су айдынына қайта жіберілді.Рейдтік жұмыстар жалғасуда.



















