«Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау экологиялық акциясының ашылу салтанаты

         «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастыруымен 2023 жылдың сәуір айының 6-сы күні дәстүрлі жыл сайынғы өткізілетін «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының ашылу салтанаты өткізілді. Акция «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» атты ұранымен өткізілді. Жалпы акция аясында экологиялық сабақтар, сенбіліктер, дөңгелек үстелдер мен ағаш отырғызу акциясы секілді шаралар ұйымдастырылады. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік …