Өрт қауіпсіздігі жөнінде оқу — жаттығулары.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Сол себептен, ағымдағы жылдың мамыр айының 22-сі күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және Өрт сөндіру қызметінің ұйымдастыруымен, Тасқала – Кеңөзек аумағында дала – қамыс, тоғайлардағы өрттерді сөндіру бойынша оқу – жаттығулар өткізілді. …