2025 жылға «Ақжайық» МТР аумағында өрт қауіпі бар маусымына дайындық

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Резерват)  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2009 жыл 6 ақпандағы №119  қаулысымен құрылған, аумағы 111 500 га. жер төлімінде табиғи аумақты құрайды. Оның ішінде Ядролық зона – 36077 Га, Буферлық аймақ – 75423 гектар.

Резерват мекемесінің аумағында өртке қарсы, табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғат пайдалану бөлімінің – 50 мемлекеттік инспекторлар және штаттан тыс – 9 өрт сөндіруші қызметкерлер жұмылдырылған.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрілгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 19 наурыздағы 27-3/61-НҚ «2025 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығы бойынша, Ерекше қорғалатын табиғи Резерват аумағында өрт қауіпі бар маусымы 2025 жылдың 26 наурыздан бастап белгіленген. 

2025 жылға ауылдық округ әкімдіктерімен «Резерват аумағына шекаралас орналасқан елді мекендердің жергілікті атқарушы органдарымен өрттің алдын алу барысында бірлескен іс-шаралар» жоспары және Атырау облыстық ТЖД-мен «2025 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрттің алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар» жоспарлары жасақталынды.

Өрттің алдын алу мақсатында, Резерват аумағын тәулік бойы патрульдік күзету жұмыстары жүргізілуде және өрт болған жағдайда 2 топ (команда) құрылды.

Резерват аумағында орналасқан 3 дана өртті ерте анықтау бейне бақылау мұнарасы жұмыс жүргізілуде.  

Резерват аумағында орман орналастыру жобасы бойынша минералдық жолақ (минерализованная полоса):

— Жаңа минералды жолақ – жалпы 24 км. (жүргізілуде). 

— Минералды жолаққа күтім –жылына екі рет жүріп өтеді, жалпы 83 км. 

Өрт сөндіру техникасына оң жақ және сол жақ кластерде су алу орны белгіленген. Күнделікті бақылау-күзету жұмыстары дрон құрылғысымен жүргізіліп, күзет режимі күшейтілді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *