Экологиялық ағарту дәрістері өткізілді

         «Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау акциясы аясында, Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа іргелес орналасқан елді мекен мектептерінде атап айтсақ Жамбыл атындағы орта мектебі және Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектебінің оқушыларымен экологиялық ағарту дәрістері өткізілді.

Сонымен қатар «Парктер шеруінің» шығу тарихы, эмблемасы және резерват қызметі жөнінде бетшелер таратылып, оқушылармен бірге суретке түсіп, табиғатты қорғау, табиғатты аялау әр адамның міндеті және табиғаттың иесі — болашақ жастар екендігін айтып, жастарымыздың белсенділік танытып, білек түре кіріскен игі істерін мақтан тұтатындығымызды да айта кеттік.

Орындаған: Н.Ж.Сулайманова – экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *