Өрт қауіпсіздігі жөнінде оқу — жаттығулары.


Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Сол себептен, ағымдағы жылдың мамыр айының 22-сі күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және Өрт сөндіру қызметінің ұйымдастыруымен, Тасқала – Кеңөзек аумағында дала – қамыс, тоғайлардағы өрттерді сөндіру бойынша оқу – жаттығулар өткізілді.

Жаттығудың мақсаты «Ақжайық» МТР мен Өрт сөндіру қызметінің бірлесіп іс әрекет ету нұсқаулығына сәйкес жауынгерлік іс-қимылдарын жетілдіру болды.

Оқу жаттығуға барлығы 50 адам мен 7 бірлік техника қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *