Атырау қаласында дәстүр мен заманауи мәдениетті тоғыстырған «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі өтті. Фестивальда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды насихаттау мақсатында фотокөрме ұйымдастырып, ақпараттық бетшелер таратты.
Сондай-ақ фестиваль бағдарламасы аясында кемелер шеруі өтіп, оған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының су көліктері қатысты.
