«Вестова» аумағында табиғи құбылыс найзағайдың салдарынан өрт оқиғасы байқалды

2023 жылдың шілде айының 06 жұлдызында жергілікті уақытпен сағат 20:15 шамасында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты (бұдан әрі–Резерват) Зарослый каналы бақылау бекеті «Вестова» аумағында табиғи құбылыс найзағайдың салдарынан өрт оқиғасы байқалды. Өрт шекаралас орналасқан Кеңөзек ауылдық округі аймағында басталды.

Жедел түрде төтенше жағдайлар департаментіне және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – Инспкция) хабарланды. Сол уақытта өрт шалған аумақты анықтау мақсатында мекемеден 10 қызметкер, УАЗ және Нива авто көліктері жолданды және Төтенше жағдайлар департаментінің 1-Триколор, 2- арнайы өрт сөндіру тех. және  15 қызметкері жұмылдырылды.

 Өртенген жерлер қамыс, қопа сулы батпақты жерлер болуына байланысты өрт сөндіру жұмыстары қиындық туғызуда. Ауа райы 38 градус ыстық.

07.07.2023 жылы сағат таңғы 07:00 өртенген аумаққа Төтенше жағдайлар департаментінің 1-Триколор, 3 Урал өрт сөндіру машиналары мен 30 қызметкері және Резерваттан 4 мотопомпа, 2 арнайы кіші габаритті өрт машинасы УАЗ, 3 Уаз, 3 нива автокөліктері, 30 мемлекеттік инспекторлар мен өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел түрде сағат 8-20 да Казависпас тік ұшағымен Инспекция басшысы Даулетов Р., Төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.а. Ержанов А. және бас маман охотовед Джуланов Е., болып өрт шалған аумақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Өрт Резерват аумағының 53, 60 кварталдарында орын алып жатыр. Өрттің жалпы аумағы Кеңөзек ауылдық округімен қосқанда 10 га құрайды, қазіргі уақытта Резерват аумағының шамамен 5 га жері жанып жатыр.

Өрт шалған аумақ қатаң бақылауға алынып, сөндіру жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің өшірілгені туралы және өртенген аумақтың ауданы жайлы қосымша хабарланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *