Махамбет ауданының әкімі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында болды

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаев «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында аудан әкімі резерваттың қызметімен танысып, картографиялық материалдар арқылы Махамбет ауданы мен резерваттың шекаралас аумақтарын зерделеді.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – шекаралас аумақтардағы шөп шабу жұмыстарының жағдайын, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі маусымына дайындық деңгейін бақылау және бағалау.

Сонымен қатар, Махамбет ауданы мен резерватқа шекаралас аумақтардың нақты орналасуы мен шекараларын картографиялық тұрғыдан анықтау, мониторинг жүргізу мәселелері қаралды.

Кездесу барысында табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және шекаралас аумақтардағы жұмыстарды үйлестіру бағыттары талқыланды.

🌿 Табиғи аумақтарды қорғау – ортақ міндет!