27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күні

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты «27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күніне» орай, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұйымдастыруымен Жайық өзенінің жағалауындағы Талғайран селосы аумағында білім беру ұйымдары және мекемелер арасында спорттық бағдарлау және белсенді туризм түрі бойынша қалалық ашық біріншілік өткізілді.

Өткізілген спорттық-туризмдік шараның мақсаты – табиғатқа деген қамқоршылық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жергілікті тұрғындарға туризмнің ел экономикасына пайдасы зор екенін түсіндіру, «Ақжайық» МТР ерекше қорғалатын аумағы жөнінде ақпарат беру.

Құрметті әріптестер. Сіздерді бүгінгі 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймыз. Дүниежүзілік Туризм күні – барша халықтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, таңғажайып табиғатпен сырласып, демалуына мүмкіндік жасайтын туристік қауымдастықтар мен саяхатты ұйымдастырушы кәсіби қызметкерлердің халықаралық мерекесі.
Осы айтулы мерекелік күнге орай, Сіздерге шын жүректен жұмыстарыңызға сәттілік, шығармашылық табыс, мол бақыт, қажымас қайрат, мықты денсаулық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
И/т: «Ақжайық» МТР РММ ұжымы!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *