2024 жылғы ақпан айының 7-сі күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің превенция бөлімінің басшысы Аманиязова Айдана Талғатқызы ZOOM платформасы арқылы дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: «ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитет төрағасының міндетін атқарушы Д.Ғ. Тұрғамбаевтың төрағалығымен 27.01.2024ж. өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру»
Дәріске қатысқандар: Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Ғ. Даулетов, «Ақжайық» Мемлекеттік табиғи резерваты» РММ басшысы Н.Н. Каримов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің превенция бөлімнің басшысы А.Т. Аманиязова, мекеме басшының орынбасарлары, аумақтық Инспекцияның және резерваттың бөлім басшылары, қызметкерлер және мемлекеттік инспекторлар.