«Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау экологиялық акциясының ашылу салтанаты

         «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастыруымен 2023 жылдың сәуір айының 6-сы күні дәстүрлі жыл сайынғы өткізілетін «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының ашылу салтанаты өткізілді. Акция «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» атты ұранымен өткізілді. Жалпы акция аясында экологиялық сабақтар, сенбіліктер, дөңгелек үстелдер мен ағаш отырғызу акциясы секілді шаралар ұйымдастырылады.

Акцияны өткізудегі негізгі мақсат жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, жасөспірімдер мен жас жеткіншектерді қажетті ақпараттар легімен таныстырып, олардың экологиялық білімдерінің қалыптасуына ықпал ету.

         Табиғат қорғау акциясына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты 2009 жылдан бастап белсене қатысып ұйымдастырып келеді.

         Парктер шеруі – бұл үлкен көлемде халықаралық деңгейде әр жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Ашылу салтанаты мекеме ғимаратында өткізілді. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері, мұғалімдері және мекеме қызметкерлері қатысты. Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Б.Б. Измуханова алғы сөз сөйлеп, «Парктер шеруінің» шығу тарихын және мақсатын айтты.

         Ары қарай мекеменің акт залында ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі жөнінде презентация оқыды.

         Шарамыз жылжымалы фотокөрмемен жалғасын тауып бетшелер таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *