«Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау акциясы аясында

№4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушыларымен

«22 сәуір – жер күніне» орай, «Жер – біздің үйіміз» атты тақырыбында кездесу

         2023 жылдың сәуір айының 24-і күні «Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау акциясы аясында №4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушыларымен «22 сәуір – жер күніне» орай, «Жер – біздің үйіміз» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуіміз экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Измуханова Балымгүлдің алғы сөзімен басталды. Ары қарай экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Н.Ж. Сулайманова және ғылым және мониторинг бөлімінің ихтиолог маманы С.Ж. Сабирова презентация оқыды. Сонымен қатар «Парктер шеруінің» шығу тарихы және эмблемасы жөнінде бетшелер таратылды.

         Кездесуіміздің соңында оқушылармен бірге суретке түсіп, табиғатты қорғау, табиғатты аялау әр адамның міндеті және табиғаттың иесі — болашақ жастар екендігін айтып, жастарымыздың белсенділік танытып, білек түре кіріскен игі істерін мақтан тұтатындығымызды да айта кеттік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *