«21 сәуір — Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөз бар. Осы орайда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты жыл сайын көктемде «Парктер шеруі – 2023» табиғат қорғау акциясы аясында, 21 сәуір — Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін атап өту мақсатында, 2023 жылдың 21-ші сәуір күні ерекше қорғалатын табиғи аумақта, дәлірек айтсақ, № 3 Приморский және №2 Зарослый бекеттерінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан белсенді түрде өткізілді.

         Бұл акцияның мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығы сапасының жақсаруына кепіл болар, орман алқабының жағдайын жақсарту, тазалықты сақтау.

         «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы берік ұстанған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы аумағымыз гүлденіп, көркеюі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып 60 теректі аумаққа отырғызып бекет аумағын көгалдандырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *