Орман – біздің ең үлкен табиғи байлығымыз

Ұшты орманда бұлбұл сайрап,

Есті таңның самалы,

Оянды орман кетті жайнап,

Тамылжыды таң әні…

 (Сапарғали Бегалиннің «Орман таңы» — өлең жолдарынан  үзінді)

Орман – біздің ең үлкен табиғи байлығымыз, экологиялық қауіпсіздіктің кепілі, халық шаруашылығы кешенінің басым бөлігі және еліміздің экономикалық тұрақтылығының негізі.

Осы баға жетпес ұлттық қазынаны сақтау, көбейту, қамқорлықпен және ұтымды пайдалану тек орманшылардың ғана емес, қоғамның да міндеті.

Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау,режимін сақтау және қалпына келтіру мемлекеттік инспекторлардың ең басты міндеті болып табылады.

Орман шаруашылығы қызметкерлері мерекесіне орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына еңбегі сіңген қызметкеріміз — мемлекеттік инспектор — Насихатов  Манарбек Утегенович 1975 жылы15 қаңтар айында Атырау қаласы Дамбыл ауылында туылған. 1999 жылы Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау гуманитарлық университетінде жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, 2004 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, сонымен қатар  «Ақмола қаржы экономикалық колледжі», «Атырау бизнес және құқық колледжі»,  мамандығы: «Финанс» «Экономика» «Құқықтану»,  БҚО Орал қаласы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» мамандығы: «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бітірген.                                                                                                 

Насихатов Манарбек Утегенович 2009 жылдың маусым айының 17 жұлдызынан  бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Республикалық мемлекеттік мекемесінде  «табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғат пайдалану» бөлімінің мемлекеттік инспектор лауазымы қызметін атқаруда.

                   Осы уақыт аралығында  жұмысқа деген өз қабілеттілігін жоғарғы деңгейде көрсете білді. Қызметтік міндеттемеге сай өз білімін жетік білуде және жұмыс тәжірибесін өзінен кейінгі  жас мамандарға толықтай сабақ бере алады,  сонымен қатар тапсырылған міндеттерін талапқа сай орындап,                   өз өзіне сенімділікпен жұмыс атқарады. Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар.

                  Мемлекеттік инспектор  Насихатов Манарбек Утегенович жұмыс жасаған уақытында өзінің қызметтік міндетін  өте жақсы деңгейде көрсете білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *