Кеңейтілген ғылыми кеңесі өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айының 30-ы күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде “Жаратылыстану ғылымдары факультеті”, “Экология” кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Есенаманова Мансия Санаққызының 50 мерей жасына арналған кеңейтілген ғылыми кеңесі өтті.
Аталған ғылыми кеңеске «Ақжайық» МТР РММ-нің басшысы Н.Н. Каримов және ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова, Атырау облысы бойынша экология департаментінің Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Сапар Тұрсынбеков, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің басшылығы, профессорлар қатысты.
Кеңес барысында құттықтау сөздер мен жылы лебіздер айтылды.
«Ақжайық» МТР РММ-нің атынан Мансия Санаққызын мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге қажет мамандарды даярлауда қажымас қайрат пен нық табандылық тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, жас мамандарыңыз қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен белестерді бағындыра бергей. Әлі де Сіз бен Біз болып қоғамға пайдалы көптеген жұмыстарды бірлесе отырып атқара берейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *