2024 жылы ақпан айының 6-сы күні Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 15 жыл толу мерейтойына арналған мерекелік шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға келген қонақтар: NCOC Жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс менеджері Құлжанов Сұңқар Қылышбайұлы, Еркінқала ауылдық округі Құмарғалиев Мұхтар Молдағалиұлы, Атырау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының бас аңшысы Ивасенко Александр Николаевич, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Даулетов Ризабек Галимжанович.
Салтанатты шараны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының басшысы Каримов Нұрболат Нұрланұлы алғыс сөзімен ашып, ары қарай іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 15 жыл толу мерейтойына орай, еліміздің табиғат қорғау саласына үлесін қосып және демеушілік көрсеткені үшін NCOC компаниясына мекеме басшысы Н.Н. Каримов алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, табиғат қорғау мекемесінің дамуына елеулі үлес қосқан және жоғары кәсіби біліктілігімен қызмет атқарғаны үшін мекеме қызметкерлерін құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапатталды.
Аталмыш мерекелік іс-шараға келген қонақтар сөз сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді.