Ағымдағы жылдың 9-шы ақпан күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Акт залында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Ғ. Даулетовтың төрағалығымен «ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитет төрағасының міндетін атқарушы Д.Ғ. Тұрғамбаевтың төрағалығымен 27.01.2024ж. өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру» тақырыбында жиналыс өтті. Жиынға Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ЕҚТА бөлімі басшысы А.Р. Қалжанова, әдеп жөніндегі уәкілі М.У. Уразгалиева, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының басшысы Н.Н. Каримов, басшы орынбасарлары, бөлім басшылары және мемлекеттік инспекторлар қатысты.